Қазақстанда қай сала мамандары ең көп жалақы алады?

Көшті қаржы және сақтандыру қызметі бастап тұр.

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс күшінің саны 7,1 мың адамға немесе 0,1%-ға көбейді және 9,3 миллионға жетті, деп хабарлады Elorda.info

"Ең көп жалақы қаржы және сақтандыру қызметі (521,1 мың теңге) және кәсіби және ғылыми қызмет (416,4 мың теңге) салаларында байқалады. Ауыл шаруашылығы мен өнер және ойын-сауық саласының қызметкерлері ең аз табыс табады", – деп хабарлады «ЕРДО» АҚ басқарушы директоры.


Оқи отырыңыз: БҒМ балабақша тәрбиешілерінің жалақысын екі есе арттыруды көздеп отыр


Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 453,1 мыңнан асты. Өткен тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 2,7 мың адамға (+0,6%), ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,9 мың адамға (+0,4%) артты. Гендерлік бөліністе жұмыссыз азаматтардың 54%-ы әйелдер, 46%-ы ерлер.

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".