Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген адамдарға жаза қатаңдайды

Миграциялық талаптарды бұзған мемлекеттік қызметкерлер мен квазисекторлық компанияның басшыларына қатысты заңға өзгерістер енгізілді.

Биылдың өзінде елімізде Қазақстаннан бөлек басқа мемлекеттің құжатын пайдаланып келген 525 азамат анықталған. Араларында депутаттар мен шенеуніктер де бар, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жақында Батыс Қазақстан облысы тұрғынының 20 жылдан бері қос азаматтықпен жүргені белгілі болған еді.

Қолданыстағы заң бойынша шетелдік құжат алған еліміздің тұрғыны бұл жайлы жауапты органға 30 күн ішінде хабарлауы тиіс және Қазақстан азаматтығынан бас тартуы керек. Егер азамат бұл міндеттерді орындамай, екі елдің құжатын қатар қолданып жүрсе, 345 мың теңге айыппұл арқалайды.


Оқи отырыңыз: Атырау облысынды қос азаматтықпен жүрген 5 адам анықталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".