Қазақстанда қызылшадан екі сәби шетінеп кетті

Бұл балалар вакцина алатын жасқа толмаған.

Қазақстанда қызылшадан екі бала қайтыс болды. Олар екпе алатын жасқа жеткен жоқ. бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Ол бір баланың шала туылғанын атап өтті.

"Өлімге әкелген екі жағдай тіркелді: Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында. Бұл бір жасқа дейінгі, яғни екпе жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туылған, көптеген патологиялар болған, оның үстіне қызылшамен ауырып қалған», – деді Айжан Есмағамбетова.


Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі: 18 жастан асқан қазақстандықтар да қызылшаға қарсы вакцинаны тегін ала алады


Ол қызылшаның өршуі Қазақстанға ғана емес екенін атап өтті. Негізгі себеп – коронавирус пандемиясы кезінде екпелерді тоқтату.

"Осы кезеңде көптеген вакцинацияланбаған балалар жиналды. Ал қызылша эпидемиологиялық жағдайының асқынуы коронавирусқа қатысты шектеулер аяқталғаннан кейін  2022 жылы басталды", – деді елдің бас санитарлық дәрігері.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".