Қазақстанда республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерінің саны артады

Көкшетаудағы Абылай хан ескерткіші. Фото: Wikipedia
Көкшетаудағы Абылай хан ескерткіші. Фото: Wikipedia
Тізімді Алматы облысындағы "Есік" қорымы, Қастек қалашығы және басқалар толықтырды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінің жаңа жобасын жариялады. 

Оған Қазақстанның бірқатар өңіріндегі ескерткіштер мен ғимараттар еніп отыр. Олар: 

  • Алматы қаласында 1901 жылы салынған тұрғын үй (көпес Филипповтың бұрынғы үйі);
  • Көкшетау қаласындағы Абылай хан ескерткіші;
  • Алматы облысындағы Қастек қалашығы (IX-XIII ғасырлар) мен «Есік» обалы қорымы (б.з.д. V-III ғасырлар);
  • Маңғыстау облысындағы Сұлтан-үпі жерасты мешіті, некрополі және сайы (Х - ХIХ ғасырлар), Кетікқала қонысы (XIV ғасыр), Қызылқала қалашығы, Ақмыш сайы (X - XVII ғасырлар), Көккүмбет күмбезтамы (ХIV ғасырдың ІІ жартысы), Қосқұдық керуен-сарайы, (XIV ғасыр);
  • Түркістан облысындағы «Арпаөзен» археологиялық кешені (XVIII-XIX ғасырлар);
  • Шығыс Қазақстан облысындағы Өнер музейінің ғимараты. 

Оқи отырыңыз: Әлемде Абайға арналған қандай ескерткіштер бар?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".