Қазақстанда шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь ұйымдастырылады

Онда балалар атқа міну, садақ ату, асық ойнау, киіз үй тігу, ұлттық аспаптарда ойнауды үйренеді.

"Отандастар қоры" шілде айында қазақы стильде жазғы лагерь ұйымдастырады. Лагерь бағдарламасында балалар атқа міну, садақ ату, асық ойнау, киіз үй тігу, ұлттық аспаптарда ойнау, интенсивті форматта қазақ тілін үйрену сияқты ұлттық құндылықтармен қатар мобилография сияқты заманауи сабақтар өтеді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы үздік университеттердің білім көрмесінде елде оқу мүмкіндіктерімен танысып, белгілі тұлғалардың шеберлік сағаты мен танымал жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаларға қатыса алады.

Лагерьге қатысу шарты:

  • Лагерьге 12-17 жастағы шетелдегі этникалық қазақ балалары қатыса алады. Бұл үшін олар "Отандастар қорының" ұйымдастыруымен өтетін онлайн байқауларға қатысуы керек. 
  • Лагерь уақыты – 2023 жылдың 1 шілдесінен 14 шілдеге дейін. 

Оқи отырыңыз: Биыл қанша оқушы жазғы лагерьге барады?


Айта кетейік, "Отандастар қорының" ұйымдастыруымен өтетін "Жазғы лагерь" жобасы алғаш рет 2019 жылғы Астана қаласындағы "Назарбаев зияткерлік мектептері" базасында ұйымдастырылып, оған 7 мемлекеттен 150 этникалық қазақ баласы қатысты. Алайда 2020 және 2021 жылдары COVID-19 пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылып, 2022 жылы жалғасын тапты. Былтыр лагерьге Франция, Түркия, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей сынды 8 мемлекеттен жалпы саны 84 қатысушы қатысты. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".