Қазақстанда тасқын суын жинайтын қанша су қоймасы бос

Еліміздің солтүстігінде ірі су қоймалары орта есеппен 68%-ға толды және бұл былтырмен салыстырғанда 7%-ға көп.

Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларына су жинау туралы ақпарат таратты.

Көктемгі су тасу кезеңінде министрліктің негізгі міндеті – су қоймаларына тасқын суын жинау. Ол үшін алдын ала республикалық меншіктегі барлық су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалды. 

Қазіргі уақытта барлық су қоймалары су жинау тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

  • Еліміздің солтүстігінде ірі су қоймалары орта есеппен 68%-ға толды, бұл былтырмен салыстырғанда 7%-ға артық;
  • Оңтүстікте бұл көрсеткіш 80%-ды құрайды;
  • Батыста, орта есеппен су жинау көрсеткіші – 71%, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға көп;
  • Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60%-ға толы, бұл бір жыл бұрынғыдан 9%-ға артық;
  • Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 66%-ды құрайды.

Оқи отырыңыз: Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".