Қазақстанда ұстаздардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Өтініштер 23 тамызға дейін қабылданады, ал ПББ 21-29 тамыз аралығында өтеді.

Қазақстанда педагогтердің білімін бағалауға өтініштер 19-23 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты мен мобильді қосымшасында қабылданады, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі

Кезекті педагогтердің білімін бағалау 21-29 тамыз аралығында өтеді.

"Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер қатыса алады. Білім беру ұйымының педагогтері педагогтердің білімін бағалауға бір күнтізбелік жыл ішінде 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында. 

Бұған дейінгі педагогтердің білімін бағалау 10 шілде мен 13 тамыз аралығында өткен болатын. 

Педагогтердің білімін бағалау қалай өтетіні жайлы Информбюроның түсіндірме материалынан оқи аласыздар. 


Оқи отырыңыз: Биыл педагогтерді жаңаша аттестаттау басталады. Оның қалай өтетінін түсіндіреміз


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".