Қазақстанда утиль алымының құны төмендей ме? Үкімет жауабы

2022 жылы утиль алымының мөлшерлемесі екі мәрте төмендеген.

Мәжіліс депутаттарының утиль алымы және шетелден әкелінген көлікті алғашқы тіркеу бағасын төмендету жөніндегі сауалына Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың жауабы Мәжіліс сайтында жарияланды.

Премьер-министрдің жауабынан Үкіметтің утиль алымының бағасын төмендету жоспары жоқ екені белгілі болды.

"Утиль алымы қаражаты есебінен жеңілдетілген автонесиелендіру және автобус парктері мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағдарламалары іске қосылғанын ескере отырып, утиль алымының мөлшерін бұдан әрі төмендетуді дұрыс емес деп санаймыз", – делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.


Оқи отырыңыз: Утиль алымының азаюы vs доллардың қымбаттауы: Көлік арзандай ма?


Еске салайық, утиль алымының мөлшері 2022 жылы екі мәрте төмендетілген болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".