Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы 4,4% өсті: қай өңірлер көш бастап тұр?

Тұрғын үй нарығында бір жылда жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтау – 18%, Семей – 16%, Павлодар 15,5% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей қаласы – 25,3%, Ақтөбе қаласы – 22,5%, Қызылорда қаласы – 15,5%-бен тұр.

Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үй баға өзгеріссіз қалды, пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті.


Оқи отырыңыз: Бір бөлмелі пәтер – 7 млн теңге. Қазақстанның қай қаласында пәтер бағасы арзан?


2023 жылдың тамызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 8,8%-ға өсті, ол кезде 35 686 мәміле ресімделген болатын. Ең жоғары өсім көрсеткіші Солтүстік-Қазақстан облысында (80,4%-ға) байқалды. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда облысында (-15,5%-ға) тіркелді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".