Қазақстанда жаңа "Жетісу" радиосы іске қосылады

Радио хабарларын алғашқы болып Алматы облысының Талдықорған қаласы және Көксу, Ескелді аудандарының тұрғындары тыңдайды.

Бұл туралы Jetisu телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы хабарлады. Оның жазуынша, бастапқыда жаңа радио белгілі журналист Бейсен Құранбектің туған күніне орай өткен жылғы 9 желтоқсанда ашылуы тиіс болған. Алайда құжаттардың дайын болмауына байланысты кейінге шегерілген.

Радио хабарларын алғашқы болып Алматы облысының Талдықорған қаласы және Көксу, Ескелді аудандарының тұрғындары тыңдайды. Одан кейін Жаркент, Алакөл өңірі қосылады.

"Райымбек ауданының шекара маңындағы ауылдарына да қондырғы орнатылады. Балқаштың сонау қиырдағы Құйған ауылы да ел тыныс-тіршілігін біліп отырады", – деп жазды Серік Әбікенұлы.

Жоспар бойынша, жарты жыл ішінде радиоға 9 нүкте қосылады.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".