Қазақстанда жастар еңбек жасақтары құрылады. Оған 14 жастан бастап қатысуға болады

Еңбек жасағына ену үшін өтінішті онлайн беру мүмкіндігі қарастырылған.

Жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамту мақсатында "Жастар еңбек жасақтары" құрылады. Оның жұмысын жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жастардың өтінімдері негізінде ұйымдастырады. Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитетінің Ашық НҚА порталында жарияланған "Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту" туралы бұйрығының жобасында жазылған. 

Жасақ құрудың басты мақсаты  жасөспірімдер, уақытша бос жүрген жастарды уақытша жұмысқа орналастыру. Оған 14-35 жастағы азаматтар мүше бола алады. Ол үшін өзі немесе заңды өкілі орталыққа қолма-қол немесе eljastary.kz электронды ресурсы арқылы өтінім береді. 

Ұсынатын құжаттар тізімі:

  • бірінші қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • екінші қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • кәмелетке толмаған азаматтар үшін ата-анасының бірінің не заңды өкілінің жазбаша келісімі;
  • соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  • денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.

Оқи отырыңыз: 2023 жылы жастарға қандай жеңілдіктер жасалады? 


"Жастар ресурстық орталықтары ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және 10 не одан да көп өтінім түскен кезде жастар еңбек жасақтарының құрамына енгізу үшін тізім түзеді. Жасақтар кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толған азаматтарды бөле отырып, бір жас қағидаты бойынша жинақталады", – делінген бұйрықта. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".