Қазақстанда жеке тұрғын үй салу үшін жер беру талаптары өзгереді

Енді жер учаскесін беру алдында оны арнаулы есепке қою қажет.

Қазақстанда жеке тұрғын үй салу үшін жер беру талаптарына өзгеріс енгізу көзделген. Бұл туралы Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларының жаңа мазмұнынан белгілі болды. Құжат Ашық НҚА порталында жария талқыға ұсынылды.

Өзгеріс жобасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін арнаулы есепке қоймай, оларды беруге тыйым салынады".

Еске салайық, аталған құжатқа сәйкес, сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге жол беріледі.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана рұқсат.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.


Оқи отырыңыз: Тегін 10 сотық жер алуға енді eGov.kz арқылы өтініш беруге болады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".