Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады

2027 жылдың соңына қарай қазақстандықтардың 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.

Елімізге "Қазақтелеком" АҚ жеті мыңнан астам 5G станциясын орнатады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының қоғамдық кеңес отырысында компания басшылығы мәлімдеді.

Компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша,  өткен жылдың желтоқсан айында "МТ-S" ЖШС және "Kcell" АҚ ұсынған операторлар консорциумы 5G енгізу бойынша жиілік аукционында жеңіске жеткен.

"2027 жылға қарай компаниялар еліміз бойынша 7000-нан астам 5G базалық станцияларын орнатуы керек. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 390 базалық станция пайдалануға беріледі", – деді компания басшысы.

"Қазақтелеком" мамандарының айтуынша, 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан азаматтарының 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".