Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауды емдеу тәртібіне өзгерістер енгізіледі

14-65 жас аралығындағы азаматтарды ауруханада емдеуге қатысты шектеу алынып тасталмақ.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауыратын науқастарды ауруханада емдеуге қатысты өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. 

Бұған дейін мұндай науқастарды ауруханада емдеуге қатысты шектеулер бар болатын. Атап айтқанда, ЖРВИ мен тұмауды стационарда емдеуге ғана рұқсат етілмей, тек жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарт адамдар ауруханаға жатқызылатын. 

Денсаулық сақтау министрлігі осы шектеуді алып тастауды көздеп отыр. Ендігі уақытта науқасқа жасалған диагностиканың клиникалық хаттамасының көрсеткіштеріне қарай оны ауруханаға жатқызу не жатқызбау туралы шешім қабылданады. Бұл ретте жасқа қатысты ешқандай шектеу болмайды. 

Еске салайық, Қазақстанда қазір маусымдық тұмау мен ЖРВИ асқыну кезеңі өтіп жатыр. Информбюро тұмаудан емделуге қажетті пайдалы кеңестер тізімін әзірлеген болатын. Оны төмендегі сілтемеге өтіп оқуға болады: 


Оқи отырыңыз: Тұмау мен ЖРВИ маусымы: Үйде емделу жолдары қандай


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".