Қазақстанда жұмыссыз әйелдердің саны артты

Қаладағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу, Абай және Жамбыл облыстарының қалаларында байқалды.

Биыл бірінші тоқсанда елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен. Тіркелген жұмыссыздар саны 453,5 мың адам болды, деп хабарлайды finprom.kz.

Өңірлердегі жұмыссыздық деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіштер Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркелген. Ал ең төменгі көрсеткіштер Қарағанды және Ұлытау облыстарында байқалады.

"Қаладағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу облысында, сондай-ақ Абай және Жамбыл облыстарының қалаларында байқалды. Ал ауылдық жерлерде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелген. Одан кейінгі орында Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдары тұр", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы 224 мың теңгеге жетуі мүмкін. Оны қалай алуға болады?


Сонымен қатар әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары. Жұмыссыз әйелдер бір жылда 0,6 пайызға көбейсе, жұмыссыз ерлер 0,5 пайызға азайды. Қызылорда, Атырау облыстарында ер адамдар арасындағы жұмыссыздық жоғары болса, Қарағанды мен Маңғыстау облысында жұмыссыз отырған әйелдер көп.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".