Қазақстандағы автокөліктердің тең жартысы – ескі

Қазақстанда жалпы саны 4 млн 449 мың көлік бар.

Қазақстанда шыққанына 20 жылдан аса уақыт өткен көліктердің саны 51 пайызға жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 млн 449 мыңды құрады, оның:

  • 87,9 пайызы – жеңіл автомобильдер;
  • 10 пайызы – жүк автомобильдері;
  • 2,1 пайызы – автобустар.

Жалпы респбубликада 3 млн 696 мың жеңіл автокөлік жекеменшік иелігінде.


Оқи отырыңыз: 


Тіркеудегі көліктер арасында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым. Ол барлық көліктің 51 пайызын құрайды. Ал, шыққанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер –  21 пайыз, 7 жылдан 10 жылға дейінгілер – 14 пайыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгілер – 6 пайызды құрайды. Көліктердің тек 8 пайызының ғана шыққанына 3 жылдан аз уақыт өткен.

Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысы (472,5 мың), Алматы қаласы (448,2 мың) және Шығыс Қазақстан облысында (272,9 мың).

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".