Қазақстандағы бойы ең ұзын адам рекордтар кітабына енді

Бойы 2 метрден асатын Парасат Нұрғалиев Атырау облысының Индер ауданында тұрады.

Бойы 218 сантиметр болатын Парасат Нұрғалиев "Елдегі ең ұзын адам" ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтің айтуынша, Парасаттың аяқ өлшемі де ең үлкен болып шыққан. Ол 56-шы өлшемдегі ақ киім киеді. Ал салмағы – 150 келі.

27 жастағы Парасат Нұрғалиев үйдің кенжесі. Оның екі ағасы мен бір әпкесі бар. Бірақ, бауырларының дене бітімінде мұндай ерекшелік жоқ.

Фото: azh.kz

Парасаттың айтуынша, ол бала күнінде бойы жағынан да, салмағы жағынан да қатарластарымен тең болған. Тек алтыншы сыныптан соң бірден өсе бастаған.

"Қазақстан рекордтар кітабына енгендерге ешқандай сыйлық берілмейді. Негізгі сыйлық сол кітапқа ену болып табылады. Оның өзі ерекше жетістік. Өйткені, Қазақстан рекордтар кітабы Гиннесс атты оған ену үшін де адамда ерекше қасиет болуы керек. Қазір ең ұзын адам атыраулық алып Парасат Нұрғалиев болып отыр. Ондай адамдар елімізде бар, бірақ көп емес. Осыдан 5-6 жыл бұрын біз Астанада ойы 2 метр 13 см адамды тіркегенбіз", – деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".