Қазақстандағы орташа жалақы – 275 мың теңге

Жұмыссыздар саны – 457,4 мың.

2022 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 275 438 теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Бюро мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 143 246 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 17,3% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыс 7,9 % артты.

2022 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 457,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына шаққанда 4,9% құрады. 2022 жылғы наурыздың соңына қарай жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 175 мың адамға жетті, бұл жұмыс күшінің 1,9% тең.


Оқи отырыңыз: Миллион теңгеден артық жалақы алу үшін қай мамандықтарды меңгерген жөн?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".