Қазақстандық 200 оқытушы 3D-модельдеу және робот техникасы бойынша тренингке қатысады

Сабақтар Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл және Қостанай қалаларында өтеді.

Қазақстанда STEM-пәндердің оқытушыларына арналған 3D-модельдеу және робот техникасы бойынша тегін тренинг басталды.  Тренингті АҚШ елшілігінің Қазақстандағы бөлімдері ұйымдастырып отыр. Бұл қоғамдық орындар АҚШ мәдениеті туралы ақпараттық және білім беру жобаларымен айналысады.

Оқытушылар 4 апта бойы 3D-модельдеу және робот техникасы негіздерін, сезбекті қалай қосуды үйренеді. Сондай-ақ, Autodesk 123D Design бағдарламасында, Arduino бақылаушыларының базасында жобалар құрып, жүзеге асыра бастайды. 

"Бұл тренинг оқытушыларға оқушыларға қысқа мерзім ішінде білім беруді үйретіп қана қоймай, оларға сабақ барысында инновациялық жобалар мен технологияларды енгізуге қолданатын жаңа құралдарды ұсынады",— дейді Kazakhstan AmCorners Network төрайымы Перизат Өтебалиева.

Тренинг нәтижесін 15-16 наурызда оқытушылар өз оқушыларымен бірге American Corners-те өтетін ақтық турнирде көрсетеді. Жоба АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".