Қазақстандық 60 мыңға жуық жолаушы Жаңа жылды пойызда қарсы алады

Жаңа жыл түні 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның пойыздары тұрақты әрі үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды жолда қарсы алады. Осы мерекелік күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар – Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. 

Теміржол қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз еңбек етіп, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.

"Жолсеріктер арасында Жаңа жылды жыл сайын пойызда қарсы алатындар бар. Дәстүр бойынша түнгі сағат 00:00-де олар жақындарына қоңырау шалып, құттықтау сөздерін айтады. Содан соң, отбасысы жіберген жаңа жылдық суреттерді қарап отырып, жанұясының жылулығын сезінеді. Бұл сәттер олардың мерекелік көңіл-күйін сақтап, алға жетелейтін ерекше естеліктерге айналады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: 2025 жылы зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер мөлшері қалай өзгереді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".