Қазақстандық "Бесік жыры" анимациялық фильмі халықаралық фестивальде үздік атанды

Фильм мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БЕСІК ЖЫРЫ» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҮНДІСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ҮЗДІК
АТАНДЫ 
Отандық "Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен халықаралық "Roshani International film festival 2023" фестивалінде "Үздік анимациялық фильм" атағын жеңіп алды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төртінші мәрте өткен халықаралық фестиваль Аурангабад қаласында өтті. 

"Биыл байқауға 1300-ге жуық жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 132-і анимациялық фильмдер. Dala animation шығармашылық ұжымы дайындаған "Бесік жыры" мультфильмі қазылардың ең жоғары бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты" – делінген хабарламада.

Туынды 2021 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа
шыққан.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".