Қазақстандық блогерлер 53,3 млрд теңге кірісін жасырған – Мемлекеттік кірістер комитеті

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Заң бұзушылық бойынша 594 адамға хабарлама жіберілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салық декларацияларының деректерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғада 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер анықталды. 

Осыған байланысты, 13-14 ақпан күндері аралығында "кірістерді төмендету" бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді.

"Бұл хабарламаларды орындау үшін тұлғалардан не қосымша есептелген салықтарды төлей отырып, жаңартылған салық есептілігін тапсыруы, не хабарламаға келіспеушілігін дәлелдейтін түсіндірме ұсынуы талап етіледі. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайтынын ескеру керек", – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында. 

Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық міндеттемелерін толық орындауды қамтамасыз ету үшін блогерлерді қосқанда, жеке тұлғаларға тұрақты салықтық бақылауды жүзеге асырып келеді. Бақылау шаралары кезінде олар уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге тұлғалармен тиімді ықпалдасып, ақпарат алмасуда. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанға 2024 жылы 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".