Қазақстандық өнерпаз Эльбрус шыңында "Адай" күйін орындады

Әлібек Қайырбек шыңға шығуға бір апта уақытын жұмсаған.

ҚазҰӨУ түлегі Эльбрус шыңында "Адай" күйін орындады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрус тауын бағындырып, домбырамен "Адай" күйін орындады. Қазақстандық музыкант бұл шыңға шамамен бір аптада көтерілген. Биікті бағындыру үшін ол жарты жыл бойы дайындалған", – делінген министрліктің хабарламасында

Әлібек Қайырбек республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол 9-сыныптан кейін Астанадағы Ұлттық өнер университетінің музыкалық колледжінің домбыра бөліміне оқуға түскен. Содан кейін "Шабыт" ҚазҰӨУ-ге түсті. 

2013 жылдан бері концерттер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып жүр. 


Оқи отырыңыз: Қазақ қызы – Эверест шыңында. Әлемнің ұшар басына шыққан отандық және шетелдік альпинистер кімдер


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".