Қазақстандық оқушылар Индонезияда географиядан өткен халықаралық олимпиадада "алтын" жеңіп алды

Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 география пәні бойынша өткен халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті.

География пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы халықаралық олимпиадада ел намысын қорғады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағару министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқушылар үш тур бойынша жарысты: жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма.

"Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты: Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Санжар Хамитов алтын медаль, ал Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Арсен Сыдықов қола медаль жеңіп алды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды. Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.


Оқи отырыңыз: Оқушы, студент, мұғалімдерге арналған қанша және қандай олимпиадалар бар?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".