Қазақстандықтар 7 ақылы жолдан өткен кезде төлем әдістері туралы SMS-хабарлама алады

Қазақстанда жалпы ұзындығы 2200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.

Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты. 

Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған.

"SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде  ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау"," Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді", – делінген компания мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.


Оқи отырыңыз: Ақылы жол қызметінің ақысын төлеу тәртібі өзгереді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".