Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады

Тыйым салғаннан соң банк тағы несие берсе, ол міндеттемелерді орындаудан босатылады.

Қазақстандықтар алаяқтардан қорғану үшін өз атына несие алуға тыйым сала алады. Депутаттық сауалға орай тиісті заңнамалық түзетулерді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі.

"Жеке тұлғаның несие мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту құқығы электронды үкімет порталында және eGov Mobile қосымшасында жүзеге асады. Қарыз алушының несие тарихында бұрын бас тартқаны туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізеді.  Рәсімдеуге тыйым салған жағдайда жеке тұлғаны берілген қарыз бойынша міндеттемелерден босату туралы түзету енгізіледі" - делінген хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, заңнамалық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірге талқыланып жатыр.  

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".