Қазақстанның 6 өңірінде 3698 жеке тұрғын үй су астында қалды

58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынына қатысты жағдай туралы баяндады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі. 

Қанат Бозымбаевтың баяндауынша, Қазақстанда су тасқынына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 6 өңірде 3698 жекеменшік үй су астында қалды. Автожолдардың 155 учаскесінде су шайылған. Су шайған 88 учаске бақылауға алынды. Оның 4-і – көпір. 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр. 

"10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарында 17 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 1900-ден астам теxника, 500 бірлікке жуығы – сору теxникасы мен жүзу құралдары бар. Төтенше жағдай аймақтарынан 70 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 17 мыңға жуығы – балалар. Ауа райы болжамы бойынша таяу арада күн жылы болады. Қардың жылдам еруі және су айдындарының толуы жалғасатын болады. Бүгінгі күні қар жатқан жерлер жалпы еліміз бойынша 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40%-ға жуық болып жатыр", – деді премьер-министрдің орынбасары.


Оқи отырыңыз: Ұзынкөл су қоймасындағы су деңгейі төмендеп келеді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".