Қазақстанның бірнеше қаласында екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Астанада екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режимінде өтеді.

Астана, Семей, Қарағанды ​​және Қостанай қалаларының білім басқармаларының мәліметінше, ақпанның 19-ы күні бұл қалалардағы екінші ауысымдағы оқушылар онлайн түрде оқитын болады.

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 19 ақпанында екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшуде.

Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытуға екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен 1 және 2 курс колледждерінің студенттері (9 сынып базасында) көшірілді.

Қарағандыда екінші ауысымдағы барлық студенттерге сабақ қашықтан өтеді.

Қостанайдағы екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары да онлайн оқитын болады.


Оқи отырыңыз: Бүгін Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды


Сондай-ақ, синоптиктердің болжауынша, 19 ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.


Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".