Қазақстанның бірқатар өңірінде ыстық қайтып, күн салқындайды

Ауа температурасының салқындауына Мәскеу жақтан келетін антициклон әсер етеді.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендей бастады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

Апта басында Мәскеу жақтан келетін антициклон елдегі ауа райына әсер етеді. Осы салқын ауа массалары әсерінен ауа температурасы төмендейді.  

"Негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде салқындаса, күндіз керісінше қолайлы. 28 шілде – батыс пен шығыс, 28-29 шілде – солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік, 29 шілдеде орталықта күн күркіреп, екпінді жел соғады. Сондай-ақ, өткінші жаңбыр мен бұршақ жауады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы түнде 8-16 градусқа дейін төмендесе, күндіз керісінше 17-30 градусқа дейін көтеріледі. Ал орталық пен шығыста ауа температурасы түнде – 8-18, күндіз 22-30 градусқа дейін жылы болады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".