Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыздар көп?

Қазақстанда әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары.

2022 жылдың екінші тоқсанында елдегі жұмыссыздар саны 452 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға көп. Ауылдық жерлерде жұмыссыздар саны бір жылда 1,3 пайыз өсіп, 182,8 мың адамға жетсе, қалалық жерлерде керісінше 0,7 пайызға азайып, 269,1 мың адамды құрады, деп хабарлады Finprom.kz.

Гендерлік жағынан айтарлықтай алшақтық бар. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыздан 4,4 пайызға дейін өсті. Ал әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайыздан 5,3 пайызға дейін төмендеді.

Өңірлер бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында елдегі жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркелді. Одан кейін Жамбыл мен Батыс Қазақстан облысы, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары тұр.

Ал Ұлытау, Қарағанды облыстары мен елордада жұмыссыздар саны азырақ екені байқалды.

Кесте: Finprom.kz

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".