Қазақстанның қай өңірлерінде және қандай отбасылар жиі ажырасады?

Республикада жылына орта есеппен 140 мың отбасы құрылса, оның 50 мыңы ажырасады.

Қазақстанда үйленгеннен кейінгі 1-4 жыл ішінде ажырасатын жұптардың үлесі жоғары. Ерлі-зайыптылардың 29,2 пайызы осы кезеңде ажырасады. Бұл туралы "Қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамасында жазылған.

Қазақстанда жылына орта есеппен 140 мың отбасы құрылады, оның 50 мыңы бұзылады. Мамандардың зерттеуінше, ажырасуға қаржылық-материалдық проблемадан бастап, моральдық-жеке проблемаларға дейін әртүрлі себеп бар. 

Қазір Қазақстанда 521 мыңға жуық жалғызбасты ата-ана тұрады. Оның ішінде 452 730 отбасында – тек анасы, 68 256 отбасында тек әкесі бар. 


Оқи отырыңыз: "Ажырасу – ұят, ал таяқ жеу – тағдырдың жазғаны ма?" Тұрмыстық зорлық жөніндегі халықаралық сарапшымен сұхбат


Ұлттық баяндамада, сондай-ақ Астана қаласында, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ажырасу жиі тіркелгені жазылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".