Қазақстанның үш өңірінде тұрғын үй жалдау бағасы 30% өсті

Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1% өсті.

Бір жыл ішінде тұрғын үйлерді жалдау бағасы 19% өсті. Ал Қазақстанның үш өңірінде бұл баға 30%-ға артқан, деп хабарлайды Energyprom.kz сайты. 

2020 жылдың осы уақытымен салыстырғанда тұрғын үй жалдау бағасы бірден 18,5% өсті. Ал былтыр бұл көрсеткіш тек 9,8% өскен еді. 

Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 4,2%-дан бастап, 37,4%-ға дейін жетті. Сондай-ақ, Алматы (35%) мен Шымкент қалаларында (33,8%) бағаның айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. 

Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1% өсті. Ал қыркүйекте Нұр-Сұлтанда шаршы метрі – 3 443 теңге, Алматыда – 3 062 теңге, Ақтауда – 2 359 теңге және Түркістанда 2 307 теңге болды. 

Ең төмен баға келесі үш өңірде тіркелді:

  • Таразда шаршы метрі – 1 370 теңге;
  • Қызылордада – 1 398 теңге;
  • Семейде – 1 452 теңге. 

Еске салсақ, елордадағы тұрғын үй нысандарының студенттік жатақхана болып қайта бейінделетіні туралы хабарлаған едік. Нысандарды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған.

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".