Қазақстанның үздік сынып жетекшісі кім

"Өркен" институты "Үздік сынып жетекшісі" республикалық байқауының жеңімпаздарын анықтады.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Үздік сынып жетекшісі" республикалық байқауы аяқталды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Байқаудың облыстық кезеңіне 5 мыңға жуық сынып жетекшілері қатысса, респубикалық кезеңге 312 мұғалім өткен. Бұл кезеңде қатысушылар өз жұмыстарының презентацияларын ұсынып, кейс сессиясы аясында шығармашылық жобаларын қорғады. 

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысы Май ауданы Е.Мұқашев атындағы мектеп педагогы Ғаламат Жаңабек пен Абай облысы электротехника колледжінің педагогы Шыңғыс Шынарбек Гран-при алды. 

"Байқаудың негізгі мақсаты сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін көтеру, тәрбие жұмысының үздік тәжірибелерін насихаттау болды. Біз өз алдымызға тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен технологияларын анықтау және тарату міндетін қойдық", – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова. 


Оқи отырыңыз: IQanat мектебі эндаумент қорға берілді. Бұл нені білдіреді


Министрліктің мәліметінше, "Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз", "Ұрпақ тәрбиесіндегі ұтымды идея", "Шабыттандыратын тәлімгер", "Ата-анамен ынтымағы жарасқан" және "Креативті көшбасшы" номинациялары да берілді. Барлық байқауларда Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ата-аналар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ "Менің бауырым" жобасының қатысушылары байқаушы болды. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".