Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді

Оның ұзындығы – 500 метр.

Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігіліп, Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлады Qazaqstan арнасы.

Ту түстес қолөнер туындысын 250 шебер жасап шыққан. Олар көрпені бір түсте, бір техникамен тіккен.

"Бұл жобаны ұйымдастырудағы мақсатымыз – қазақтың құрағын әлемге паш ету, әлемге "қазақтың құрағы керек" деген ұғымды енгізу және халқымыздың ауызбіршілігін көрсету", – деді қолөнер шебері Нұргүл Абайханқызы.


Оқи отырыңыз: Қошқар мүйіз бен арқар мүйізді ажырата аласыз ба? Ою-тест


Айта кетейік, "Аламан құрақ" жобасы мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Онда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі де өтті. Мақсат – қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".