Қазақы тазы тарихта алғаш рет Еуропалық Одақ елдерінің дүниежүзілік көрмесіне қатысады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Швейцария ұлттық кинологиялық қоғамы Қазақстан кинологтары одағының өтінішін қарастыра келе осындай шешім қабылдады.

Биыл 21-23 тамыз күндері Женевада халықаралық кинологиялық федерация бас ассамблеясының отырысы өтеді. Осы отырыс аясындағы World Dog Show-2023 чемпионатына Қазақстаннан екі тазы қатысады. 

Қазақы тазылар мұндай дүниежүізілік чемпионатқа тарихта тұңғыш рет қатысқалы отыр.

Швейцария ұлттық кинологиялық қоғамы Қазақстан кинологтары одағының өтінішін қарастыра келіп, тазыны Женевада өтетін әлем чемпионатына қатысатын ит тұқымдарының тізіміне қосты. 


Оқи отырыңыз: "Қазақ тонын төсеп, төріне шығарған": Әлемге таралған тазыны қашан дүние жүзі мойындайды?


"Қазақы тазы тарихта алғаш рет Еуропалық Одақ елдерінің дүниежүзілік көрмесіне қатысатын болды. Осы жолда үлкен жұмыс атқарылды. Біз Бельгиядағы FCI-мен арада бірқатар келіссөз жүргіздік. Биыл сәуір айында Қазақстан кинологтары одағының өтініші бойынша, Kazakh Tazy тұңғыш рет халықаралық кинологиялық федерацияда ит тұқымдарының номенклатуралық тізіміне енгізілді. Біздің ұсынысымыз FCI тарапынан қолдау тапқанына өте қуаныштымыз", – дейді Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали.

21-22 тамыз күндері өтетін халықаралық кинологиялық федерациясының бас ассамблеясында Қазақстанды осы ұйымның толық құқылы мүшесі ретінде тану мәселесі қарастырылатынын атап өткен жөн.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".