ҚазҰУ ректоры мемлекет басшысына университетті дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады

Ректор университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері туралы баяндады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Фото: Ақорда

Кездесу барысында ректор университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері және оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары туралы баяндады.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, бүгінде университетте 24 мыңнан астам студент, соның ішінде әлемнің 54 елінен 2,8 мың шетелдік азамат білім алады. 542 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, ғылыми орталықтар мен ғылыми жобалар саны артқан. 2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ және Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам келісімшарт жасалған. Ыстанбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ-дың филиалдары жұмыс істейді. Алматыда университет базасында МИФИ (Мәскеу) филиалы ашылған.


Оқи отырыңыз: Әскерден келген жастар университетте тегін оқи алады. Ол үшін не білу керек?


Сонымен қатар ректор былтыр оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы көтерілгенін баяндады. 

Сондай-ақ оқу ғимараттарына, зертханаларға, жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне екі жер учаскесі қайтарлыған.

Президент университетті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті және жоғары оқу орнының халықаралық мәртебесін нығайтып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту қажет екеніне назар аударды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".