ҚМДБ Шерзат Болаттың өлімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

"Бейкүнә адамды өлтіру – барша адамды өлтіргенмен тең" делінген үндеуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдағы қатыгездік жағдайларға қатысты Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады. 

"Соңғы кездері қоғамда болып жатқан түрлі қатыгездік оқиғалар бәрімізді қатты алаңдатуда. Оқушылардың жаппай төбелесі, жастар арасында өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиі қайталануы, тұрмыстық қақтығыстың соңы өлімге ұласуы сынды ауыр жағдайлар жанымызға қатты батуда. Шын мәнінде Аллаға иман еткен пенде адам түгіл жануардың өзіне зиян тигізбеуі тиіс", – делінген үндеуде. 

ҚМДБ осы үндеу арқылы барша азаматты өзара бауырмал, кешірімді, мейірімді болуға және қатыгездік істерге жол бермеуге шақырған.

"Шариғатымыз бойынша бейкүнә адамды өлтіру – барша адамды өлтіргенмен тең. Сондай-ақ біреуді өлімнен құтқару – барша адамды өлімнен құтқарып қалумен тең. Мұны жастарымыз жадында ұстап, өмірлік қағидасына айналдыруы қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша азаматты өзара бауырмал, кешірімді, мейірімді болуға үндей отырып, қатыгездік істерге жол бермеуге шақырады", – делінген ҚМДБ ресми сайтында. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".