ҚМДБ түнгі клубтың жанында мас күйінде ұсталған бас имамды қызметінен босатты

Қостанай облысының бас имамы қамауға алынды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысында бас имамның мас күйінде ұсталғанына қатысты мәлімдеме жасады.

Облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілде күні Бурабайда түнгі клубтың жанынан ұсталды.

Діни қызметкер рөлге мас күйінде отырған. Сол үшін аудандық соттың үкімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Осы оқиғадан кейін мүфтият оны қызметінен босатты.

"Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне тән емес әрекеті үшін Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты", – делінген хабарламада.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім де сұрады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".