Қонаевта атыс болды: полиция күдіктілерді іздеп жатыр

Оқиға салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілген.

Қонаев қаласында атыс болып, бір адам қаза болды, екіншісі ауыр хәлде ауруханада жатыр.

Оқиға 26 маусым түнгі уақытта болған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер іздестіріліп жатыр. Аталған факті бойынша тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында", – деп хабарлады полиция.

Қазақстан ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын, олардың іздестіріліп жатқанын айтты.

Дәрігердің мәліметінше, оқиға салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілген. Біреуі қаза болды, екіншісінің жағдайы өте ауыр.

"27 маусымға қараған түні Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасына 2000 жылы туған ер адам оқ жарақатымен түсті. Хирург-дәрігерлер мен реаниматологтар бригадасы шұғыл түрде ота жасады. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр", – дейді дәрігерлер.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".