Қонақүйді студенттер жатақханасы еткен кәсіпкер қанша пайда табады? Жоғары білім министрі есептеп берді

Университеттер әр студент үшін 50 мың теңге, ал министрлік 328 мың теңгеге жуық қаражат төлейді.

Қазақстанда кәсіпкерлер қонақ үй мен хостелін жатақханаға айналдыру арқылы мемлекеттен пайда таба алады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

Министрдің айтуынша, қазірі таңда кәсіпкерлерге қонақ үй немесе хостелін жатақханаға айналдырған тиімді. 

"Жатақханаға айналдырсаңыз, хостел немесе қонақ үйіңіз 11 ай бойы тұрақты түрде 100 пайыз толық болады. Оның ақысын әр жоғары оқу орны мен біз (жоғары білім министрлігі – авт.) төлеп отырамыз. Атап айтқанда, университеттер әр адам басына 40-50 мың теңгедей төлейді, біз үстінен 95 АЕК (327 750 теңге – авт.) төлеп отырамыз. Қосымша жарнама мен маркетинг жасаудың қажеті болмайды", – деді министр.

Министрдің айтуынша, жоба биыл басталады.


Оқи отырыңыз: Көлгінов жатақхана тапшылығы туралы: Ректорлар студенттерге жағдай жасауға мүдделі болуға тиіс


Айта кетейік, республика бойынша жатақханадағы төсек-орын тапшылығы 70 мың орынды құрайды. Оның 30 мыңнан астамы – Алматы қаласында.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".