Қорғаныс министрі самбо федерациясын басқарады

Бүгінгі таңда самбо бойынша 1 100-ден астам секцияда қырық мыңнан астам адам айналысады.
Руслан Жақсылықов спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды.
Қорғаныс министрінің кандидатурасына федерацияның барлық мүшесі бірауыздан дауыс берді. Оған дейін бұл қызметте Айдос Ақжанов болды.
Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов - дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.
"Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбоны әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесіне енгізу жоспарланып жатыр. Біз спорттың осы түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқаруымыз керек", – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
"2025 жылы самбо ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Достық армияларының әскери – спорттық ойындарының бағдарламасына және Қазақстан қарулы күштерінің спартакиадасына енгізіледі. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу желісі бойынша дамыту үшін іс-шаралар кешені жоспарланған. Қорғаныс министрінің кубогына самбодан ашық республикалық турнир өтеді. Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы әскери-спорт колледжінде самбо бөлімшесін ашу жоспарда бар, онда көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, әскери қызметшілер мен ауыл жастарына жеңілдік беріледі. Жаппай даму мақсатында қарулы күштер қатарына жауынгерлік самбо бойынша маман-нұсқаушыларды шақырамыз", – деді федерация президенті.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".