Биыл елордада Жеңіс күніне орай әскери парад ұйымдастырылмайды, деп мәлімдеді ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"2022 жылы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ", - делінген хабарламада.
Ұлы Отан соғысы мен ҚР қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеуге арналған ісшаралар әдеттегі тәртіп бойынша өтеді.
"Қазақстанның барлық өңірінде 50-ге жуық шара өткізуді жоспарлап отырмыз", – деді министрліктегілер.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша әлемде 70-орында
- Ресей Украинаның әскери нысандарын зымыранмен атқылап жатыр
- Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған әскери қызметкерлердің отбасына үй берілді
Пікірлер