Қорғаныс министрлігі Қазақстан Түркиядан 2 трлн теңгеге бронды техника сатып алатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Дегенмен, түркиялық Otokar компаниясының 8х8 бронды техникасын Қазақстан тәжірибелік сынақтан өткізіп жатыр.

Қорғаныс министрлігі мен түріктің Otokar компаниясы арасында 2 трлн теңгеге жуық сомаға бронды техниканы сатып алуға келісім жасалғаны туралы әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.  

Екі ел арасында бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жасалмаған. Дегенмен, министрлік Otokar компаниясының 8х8 бронды техникасының үлгісі отандық бронды техниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтан өткізіліп жатқанын растады.

"Otokar компаниясы бронды техника өндірушілерінің бірі ғана болып табылады, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралады. Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады. Олардың нәтижелері бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалады", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 17 жасқа толған ер балалар енді есепке тұру үшін әскери комиссариатқа бармайды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".