Қосалқы бөлшек түрінде әкелінген көліктерді тек Қазақстанда жүргізуге рұқсат етілмек

Сондай-ақ, олардың меншік құқығын өзгертуге тыйым салынады.

ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы Қазақстанға қосалқы бөлшек түрінде әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібін әзірлеп, оны Ашық НҚА порталында қоғамдық талқыға ұсынды.

Жаңа өзгертулерге сәйкес, қосалқы бөлшек түрінде әкелінген көліктер келесі шарттарға сай болса, заңдастыруға жатады:

  • көлік құралы кедендік тазартудан өткені туралы мәліметтер болмауы;
  • көлік құралы іздеуде болмауы қажет.

Оқи отырыңыз: Автозаңдастыру: Елге қосалқы бөлшек ретінде кірген көліктердің жағдайы не болады?


Көлік иесі оны 200 мың теңге алым төлеу арқылы келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • өтініш берушінің көлік құралын сатып алу мән-жайлары көрсетілетін өтініші;
  • ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын қарап тексеру актісі;
  • техникалық байқаудың диагностикалық картасы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан қалаларында шетелдік көлік тізгіндеген жүргізушілер нарызылық білдірді


Заңдастырылған мұндай көлік құралдарын Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады және олардың меншік құқығын өзгертуге тыйым салынады.

"Мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте "Меншік құқығын өзгертуге тыйым салу, тек Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етіледі" мынадай жазба деген көрсетіледі" деп жазылған құжат жобасында.

Айта кетейік, жоба 24 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".