Қостанай облысында 7,5 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Жергілікті атқарушы органдар мен барлық мүдделі коммуналдық қызметтер су тасқынына қарсы іс-шаралардың барлық кешенін өткізеді.

Облыс бойынша ТЖМ, ІІМ,ЖАО, ҰҚК ШҚ және басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан барлығы 2237 адам, 390 бірлік техника, 142 бірлік мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары және 3 бірлік әуе кемесі күштері мен құралдары жұмылдырылды, деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Су тасқыны кезеңінде шамамен 771 822 мың м3 су, тәулігіне – 13860 мың м3 су сорылды. 72,799 мыңнан астам қап салынған. Инертті материалдар төгілді: 7205 тонна.

7487 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 11 мүмкіндігі шектеулі адам және 1239 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 943 адам, оның ішінде 322 бала бар.


Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов: Ең басты міндет – тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Еріген суды сору, қапшықтарды төсеу жұмыстары 9 өңірде жалғасуда (Жангелдин, Арқалық, Меңдіқара, Федоров, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Б.Майлин, Қамысты аудандары, Арқалық, Қостанай және Рудный қалалары).

Су тасқынына қарсы іс-шараларға тәулік бойы дерлік көмек көрсететін, коммуналдық қызметтердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының кезекші қызметкерлерін ыстық тамақпен және шаймен қамтамасыз ететін еріктілер, бей-жай қарамайтын азаматтар үлкен көмек көрсетеді.

Су тасқыны жағдайының мониторингі бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жағдай бақылауда.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".