Қостанайда мас күйде көлік жүргізген бас имам: Бұл қызметті енді кім атқарады

Жаңа имам бұрын Қостанай қалалық "Марал Ишан" мешітінің имамы қызметін атқарған.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

Бектұрсын Уәлиев бұған дейін Қостанай қалалық "Марал Ишан" мешітінің имамы қызметін атқарған. Оны ұжымға ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды. 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жаңа бас имам Бектұрсын Уәлиевті ұжымға таныстырды

Еске салайық, Қостанай облысының бұрынғы бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас күйінде автокөлік жүргізіп ұсталған болатын. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл оқиғадан кейін ол қызметтен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдің мұсылман жамағатынан кешірім сұраған еді. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".