Қостанайда өрт қаупі жоғары уақытта адамдардың орманға баруына тыйым салынбақ

Бұл – 2022 жылы өңірде болған алапат орман өртінен кейін қолға алынғалы отырған шара.

Қостанай облысында өрт қаупі жоғары кезеңдерде адамдардың жаяу не көлікпен орманға баруына тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қостанай облысы әкімдігінің қаулы жобасынан белгілі болды.

"Өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзу шектелсін" делінген қаулы жобасында.

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының түсіндіруінше, мұндағы мақсат – орман өрттері санын және олардың зардаптарын төмендету.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, 2022 жылы 2 қыркүйекте Қостанай облысында орман өрті тұтанып, ол елді мекендерге ұласты. Кем дегенде 12 адамды күйік шалып, ондаған отбасы баспанасына айырылды. Өңірде 108 нысан өртенсе, оның ішінде Аманқарағай ауылында 85, Озёрное ауылында 6 үй жанып кетті.

Өртпен күреске және оның салдарын жою жұмыстарына мемлекет бюджет қаражатынан 42,6 млрд теңге шығындалды.

Құжат жобасы 2 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".