Қостанайда өрттен зардап шеккендерге психологтар көмектеседі

Сонымен қатар өңірдегі психологтарға супервизия өткізу қарастырылған.

Психологтар одағы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға онлайн форматта психологиялық көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады одақ төрағасы Гүлзат Асанова адам құқықтары жөніндегі уәкілге.

Гүлзат Асанова бірнеше күн өткеннен кейін күйзеліс жағдайы өткенде, психологиялық қолдауға деген қажеттілік барынша сұранысқа ие болатынын атап өтті. Осыған байланысты одақ психологтары зардап шеккендерді психологиялық қолдау және мамандар үшін супервизия, яғни кеңес беру бойынша өтеусіз акция өткізу туралы шешім қабылдаған.

Өз кезегінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты одақтың психологтарына қолдауы үшін алғыс білдірді.

Психологтардың тізімімен және олардың байланыс номерлерімен одақ сайтында танысуға болады.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".