Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа түсті

Сот хаттамалары істің судьяға 5 тамызда тағайындалғанын көрсетеді.

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтіргені үшін сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа берілді.

Сот кеңсесіне түскен ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша үкімін өзгеріссіз қалдырып, шешім шығарды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".