Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені рас па? ҚАЖК жауап берді

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпаратты жоққа шығарды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жоқ екені айтылған.

"Әлеуметтік желілерде сотталған Қуандық Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр", – делінген хабарламада.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан азаматтарын жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге назар аударуға шақырды.

"Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".